"Қор нарығының негіздері" семинар


2018 жылдың 27 қарашасында "Қазақстан қор биржасы" АҚ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен бірлесіп, отандық қор нарығында қаржы тартуға мүдделі қазақстандық компаниялардың қызметкерлері үшін "Қор нарығының негіздері" атты семинар өткізеді.

Семинар бағдарламасында:

Қор нарығының инфрақұрылымы (Эльвира Сарсенбаева, KASE);
Биржалық статистика – цифрлар мен трендтер (Валерий Хегай, KASE);
Балама әрқашан бар: акциялар мен облигациялар (Талгат Камаров, "Сентрас Секьюритиз" АҚ);
Биржадағы Листинг – start-up -тан blue chips-ке дейін (Бауыржан Нұрпейісов, KASE);
Қор нарығы – сақтау және көбейту (Талғат Камаров, "Сентрас Секьюритиз" АҚ).

Аталмыш Бағдарламаның өткізу мақсаты қазақстандық компаниялардың қызметкерлерін отандық қор нарығы туралы білім деңгейін арттыру болып табылады. Оқу бағдарламасы тыңдаушыларға қор нарығының негіздері жөнінде тәжірибелік білім алуына және компанияның қаржы ағымдарын басқарудағы қаржы құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Семинарға қатысу үшін 2018 жылдың 24 қарашасынан кешікпей тіркелу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 (727) 237 53 00, +7 (727) 237 53 20; customers@kase.kz.

Өтетін орны: Алматы қ, Гоголь көшесі, 111 "Даму" АҚ кеңсесінің конференц-залы).
Іс-шараның өтетін уақыты: 09:30-13:00.


Пайдаланушының аты:
Құпия сөз:
Жүктеу
Жүктеу