KASE ресми тізімінде саудаланатын, орналастырылған облигациялардың жиынтық номиналды құнын көрсететін индикатор. Бұл ретте әр шығарылым облигациясының жиынтық құны, листингілік компанияның осы шығарылым шегінде (эмитент өзі қайта сатып алған бағалы қағаздарды қоспағанда) орналастырған облигациялардың саны мен олардың номиналды құнының көбейтіндісіне теңестіріледі.

Өлшем бірлігі: млн USD.
Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні Алматы уақытымен 17:00-ден 20:00-ге дейін.
Индикатордың "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.
Индикатор трендінің "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.