KASE ресми тізіміне енгізілген, акциялардың нарықтық құны. Листингілік компания акцияларының барлық түрлерін капитализациясын есептеу үшін өкілетті тізімге енгізу осы компанияның жай акцияларымен бірінші мәміле жасалған күннен бастап жұзеге асырылады. Есептеу әр жұмыс күн сайын осы акциялар бойынша нәтижелі болған соңғы сауда-саттық сессиясындағы акциялардың орташа сараланған нарықтық бағалары негізінде жүзеге асырылады.

Өлшем бірлігі: млн USD.
Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні Алматы уақытымен 17:00-ден 20:00-ге дейін.
Индикатордың "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.
Индикатор трендінің "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.