KASE_BY ИНДЕКСІ

Корпоративтік облигациялар кірістілігінің индексі.

Өлшем бірлігі: жылдық %.
Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні сауда-саттық аяқталғаннан соң сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін.
Индикатордың "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.
Индикатор трендінің "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.

KASE_BP ИНДЕКСІ

Барлық, соның ішінде төленбеген, сыйақысын қосып есептелген, корпоративтік облигациялар бағаларының индексі.

Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні сауда-саттық аяқталғаннан соң сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін.
Индикатордың "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.
Индикатор трендінің "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.

КОРПОРАТИВТІК ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ КАПИТАЛИЗАЦИЯСЫ

KASE ресми тізіміне енгізілген, орналастырылған облигациялардың сомалық номиналды құнын көрсететін, индикатор. Бұл ретте әр шығарылым облигацияларының сомалық құны, осы шығарылым шегінде листингілік компания орналастырған (бағалы қағаздар эмитенті қайта сатып алғанын қоспағанда) облигациялардың саны мен олардың номиналды құнының көбейтіндісіне теңестіріледі.

Өлшем бірлігі: млн. USD.
Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні сауда-саттық аяқталғаннан соң сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін.
Индикатордың "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.
Индикатор трендінің "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.

МӘМІЛЕЛЕР КӨЛЕМІ

Күні бойы KASE сауда-саттығында ашық сауда-саттық әдісімен жасалған, сатып алу-сату секторында облигациялармен жасалған (арнайы мамандандырылған сауда-саттықта орналастыруды қоспағанда) мәмілелердің сомалық көлемі.

Өлшем бірлігі: мың USD.