KIBOR

KIBOR (депозитте ақша орналастыру мөлшерлемесінің орташа мәні), KIBID (депозитке ақша тарту мөлшерлемесінің орташа мәні) және KIMEAN (орналастыру және тарту мөлшерлемелері арасындағы орташа мәні – индикативті есептік көрсеткіш) индикаторлары Қазақстан үшін түрлі  несиелік сападағы банктер арасындағы банкаралық нарықтың депозиттері бойынша мөлшерлемелерді суреттейді. KASE, тиісті меморандумға қол қойған банктер күнде Алматы уақытымен сағат 16.00-ге дейін биржаның сауда-саттық жүйесіне беретін баға белгілеулері бойынша, индикаторды есептейді. Әр баға белгілеуге депозитке тарту мөлшерлемесі (KIBID) және орналастыру мөлшерлемесі (KIBOR), сондай-ақ ақшаны орналастыру және тарту көлемдері кіреді. Депозиттер валютасы – қазақстандық теңге. Баға белгілеудің минималды көлемі – 15 млн. теңге. Баға белгілеулер арасындағы спрэд реттелмейді. Қатысушылар арасындағы мөлшерлемелер бойынша сыйақыны есептеуге арналған базасы келісілмеген. Банкаралық депозиттердің бірыңғай мерзімдері 7, 14 күн, 1, 2, және 3 ай. Баға белгілеулер индикативті болғандықтан, қатысушыларды белгіленген шарттар бойынша мәміле жасасуға міндеттемейді.

Өлшем бірлігі: жылдық %.
Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні 16:00-ден 16:30-ға дейін.
Индикатордың "өмір сүру уақыты": 1 күн.
Индикатор трендінің "өмір сүру уақыты": 1 күн.

KAZPRIME

Қазақстан үшін ең үздік несиелік сападағы банктер арасында банкаралық депозиттер нарығында ақша орналастыру мөлшерлемелері бойынша орташа мәнін көрсетеді. KASE, индикаторды қалыптастыру туралы Келісімге қатысушылары күн сайын Алматы уақытымен сағат 10.00-ден 11.30-ға дейін биржаның сауда-саттық жүйесіне беретін баға белгілеулері бойынша, индикаторды есептейді. Әр баға белгілеуге келісімге қатысушылардың бірінің депозитке ақша тарту және орналастыру мөлшерлемелері, сондай-ақ ақша орналастыру және тарту көлемдері кіреді. Депозиттер валютасы – қазақстандық теңге. Баға белгілеудің минималды көлемі – 150 млн. теңге. Баға белгілеулер арасындағы минималды спрэд – 100 базистік нүкте (жылдық 1,00 %). Мөлшерлемелер бойынша сыйақыны есептеу базасы – actual / 360. Жобаны іске қосу сәтіне банкаралық депозиттердің бірыңғай мерзімі үш айды құрайды (KazPrime-3M). Қатысушылар, баға белгілеулердің басталуы туралы алдын ала келісе отырып, өзге мерзімдерге баға белгілеулер орнатуға құқылы - “овернайт”, 7 күн, 1, 6, 9 и 12 ай. KazPrime индикаторы тиянақталғанна кейін 30 минут бойы Келісімге қатысушылар өздері орнатқан баға белгілеулері бойынша жобаның қандай да бір басқа қатысушысының тиісті сұранымы болса, мәміле жасасуға міндетті.

Өлшем бірлігі: жылдық %.
Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні 11:30-дан 12:00-ге дейін.
Индикатордың "өмір сүру уақыты": 1 күн.
Индикатор трендінің "өмір сүру уақыты": 1 күн.