KASE ИНДЕКСІ

Бұл индекс, индексті құрастыру датасына осы индекстің өкілеттілік тізіміне кіретін, акциялардың нарықтық бағасының, осы тізімдегі акциялардың белгілі бір датасындағы акциялардың бағасына, еркін айналыстағы акцияларды қосып, капиталға айналуы бойынша сараланған қатынасы болып табылады. KASE индексінің мәні, индекстің өкілеттілік тізіміне кіретін акциялармен жасалған әрбір мәміледен кейін қайта есептеледі.

Индикаторды жаңарту уақыты: нақты уақыт тәртібінде.
Индикатор трендін жаңарту уақыты: алдыңғы сауда-саттық күніне қатынасты нақты уақыт тәртібінде.

АКЦИЯЛАРДЫҢ КАПИТАЛИЗАЦИЯСЫ

KASE ресми тізіміне енгізілген акциялардың нарықтық құны. Капитализациясын есептеу үшін листингілік компания акцияларының барлық түрлерін өкілеттілік тізімге енгізу, осы компанияның жай акцияларымен жасалған бірінші нарықтық мәміленің күнінен бастап, жүзеге асырылады. Есептеу күн сайын, әр жұмыс күні, осы акциялар бойынша соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясындағы акциялардың орташа сараланған нарықтық бағасы негізінде жүзеге асырылады.

Өлшем бірлігі: млн USD.
Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні сауда-саттық аяқталғаннан соң сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін.
Индикатордың "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.
Индикатор трендінің "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.

МӘМІЛЕЛЕР КӨЛЕМІ

Күні бойы KASE сауда-саттығында ашық сауда-саттық әдісімен жасалған, сатып алу-сату секторында акциялармен жасалған (арнайы мамандандырылған сауда-саттықта орналастырудан басқа) мәмілелердің сомалық көлемі.

Өлшем бірлігі: мың USD.
Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні сауда-саттық аяқталғаннан кейін сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін.
Индикатордың "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.
Индикатор трендінің "өмір сүру уақыты": 1 жұмыс күн.