2005 жылдың 02 желтоқсанында Биржалық кеңес тапсырмасы бойынша KASE, Листингілік ережелерде және листинг туралы келісім-шарттар қарастырылған, биржаға аудиторлық есеп берулерді және өзге де міндетті мәліметтер мен құжаттарды биржаға беру туралы талаптарды бұзған, листингілік компаниялар туралы ақпараттарды ашу жүйесін әзірледі.

Осы тапсырманы орындау барысында, KASE биржа веб-сайтының титулдық бетінде 2006 жылдың 27 ақпанынан бастап, аптаның бірінші жұмыс күнінің бірінші жартысында орналастырылатын "Листингілік компаниялардың құжаттар /ақпараттар беру мерзімдерін бұзуы туралы мәліметтер" (бұдан әрі – Кесте) кестесін әзірледі. Кестеде листингілік компаниялардың жарияланым датасының алдындағы аптада жол берген, сондай-ақ оның алдында жол берген, бірақ Кестедегі мәліметтерді жаңарту датасына жойылмаған, ереже бұзушылықтары көрсетілген. Осыдан басқа, Кестеде ереже бұзушылықтардың жойылуы туралы ақпараттар ереже бұзушылық туралы ақпаратпен қоса Биржаға белгілі болған, ереже бұзушылықтар туралы ақпараттар көрсетіледі (мысалы, акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламасын биржаға бермеуі, оның хаттамасын KASE алғаннан соң осы жиналыстың өткені туралы белгілі болуы).

Листингілік компания Кестеде көрсетілген ереже бұзушылығын жойған жағдайда, келесі аптада жойылған ереже бұзушылықтар, Кестенің мәліметтері жаңартылғанда, көрсетілмейді.

KASE веб-сайтындағы Кестенің әр жаңартуы, сайттың жаңалықтарында тиісті хабарламаның жариялануымен қосталады.