"Bank RBK" Банкі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 03.04.19/ – Бағалы қағаздары  Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға 
өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі 
жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- банктің жарияланған KZ1C35450010 жай акцияларының жалпы саны 160 599 000 000 
  дана, KZ1P35450116 артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана;

- банктің 1 605 990 000 жай акциялары және 450 000 артықшылықты акциялары 
  орналастырылған;

- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі 
  санына иеленген жалғыз тұлға "КСС ФИНАНС" ЖШС  болып табылады, оның меншігінде 
  1 600 000 000 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 
  99,63% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,60%) бар.

[2019-04-03]