"Кристалл Менеджмент" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 08.04.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде 
тұрған, "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің 
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай 
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C60510019 жай акцияларының жалпы саны 35 670 200 
  дана;

- компанияның 25 470 200 жай акциялары орналастырылған;

- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және 
  одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:
-------------------------------------------------------------------------------
                                                                    Компанияның
                                                                орналастырылған
                                                                   осы атаудағы
                                              Жай акциялар,   акциялардың жалпы
Атауы                                                  дана  санындағы үлесі, %
------------------------------------------ ---------------- -------------------
"JOINT RESOURCES" АҚ                             12 989 802               51,00
"EUROASIA CONSTRUCTION"/ "ЕВРОАЗИЯ         
КОНСТРАКШН" ЖШС                                   6 240 199               24,50
"ПОЗИТИВ-А" АҚ                                    3 820 530               15,00
"FCI MANAGEMENT LLP" ЖШС                          2 419 669                9,50
-------------------------------------------------------------------------------

[2019-04-08]