2019 жылдың 29 мамырында "Кселл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді
/KASE, 18.04.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) 
ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), 2019 жылдың 29 мамырында 
сағат 11:00-де өз акционерлерінің келесі күн тәртібімен жылдық жалпы 
жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады:

- компанияның жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы;

- Директорлар кеңесі мен атқарушы директор арасында қызметін бөлісу 
  туралы нұсқаулық туралы;

- компанияның корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы;

- компанияның 2018 жылға жылдық қаржылық есебін бекіту туралы;

- компанияның таза табысын есептік қаржы жылына бөлу тәртібін бекіту 
  туралы, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау 
  және компанияның бір жай акциясына есептелген дивиденд көлемін 
  бекіту туралы;

- компанияға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анытау туралы;

- компанияның Диекторлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы мен 
  өтемақы көлемі мен төлеу шарттары туралы ережесін бекіту туралы;

- акциялардың құнын анықтау әдістемесіне оларды компания 
  ұйымдастырылмаған нарықта жаңа редакцияда баяндау арқылы сатып 
  алған жағдайда өзгертулерді бекіту туралы.

Жиналыс өтуі туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – 
http://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_annual_shareholders_meeting_info_290519_3020.pdf
 жарияланған.

[2019-04-18]