KASE "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ KZ2C00001766 (LARIb2), KZ2C00002418 (LARIb3) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE_BM* сериясы индекстерінің маркет-мейкері болмауына байланысты өкілетті тізімінен алып тастады
/KASE, 23.04.19/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2019 жылдың 16 
сәуірінен  бастап, олардың маркет-мейкері болмауына байланысты 
"AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ KZ2C00001766 (LARIb2), 
KZ2C00002418 (LARIb3) облигацияларын, айналыста болу мерзімі 
аяқталуына байланысты, негізгі алаңның өкілеттік тізімінен (KASE_BM* 
серия) алып тастады.

Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесіне (әрі қарай – 
Әдістеме) сәйкес облигациялардың қандай да бір атауы  KASE_BM* 
сериясының өкілеттік тізімінде болуындағы негізгі өлшемі  маркет-мейкердің 
болуы.

2019 жылдың 23 сәуірінен бастап KASE_BМ* индексінің өкілеттік тізімі 35 
атаудағы облигациядан тұрады.

KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік 
облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді.

Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу 
әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE 
интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf 
мекен-жайы бойынша танысуға болады.

[2019-04-23]