"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ KZ000A0RMTC3 (RDGZp) артықшылықты акциялары 2019 жылдың 14 мамырынан бастап эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 14.05.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік 
комиссиясының 2019 жылдың 14 мамырындағы шешімімен 
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Нұр-Сұлтан, әрі қарай – компания) 
KZ000A0RMTC3 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, 
RDGZp) артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінен шығарылғаны 
туралы хабарлайды.

KASE   2019 жылдың 30 сәуіріндегі қорытындысы бойынша KASE банктен 
келесі құжаттарды алғаны анықталды:

 - аталмыш облигацияларды 2019 жылдың 14 мамырынан бастап ерікті 
   түрде делистингілеу туралы 2019 жылдың 24 сәуіріндегі өтініші;

 - компанияның орналастырылған акциялар санының бес және одан да 
   көп пайызын құрайтын жай акцияларына ие компанияның ірі 
   акционерлері болып табылатын "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 
   (1 034 088 144 жай акциялары немесе 99,98 %) 2019 жылдың 11 
   сәуіріндегі жағдайы бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы 
   анықтамасы;

 - 2019 жылдың 11 сәуіріндегі жағдай бойынша  компанияның бағалы 
   қағаздарын ұстаушылардың тізілімінің көшірмесіне сәйкес аталмыш 
   облигациялар орналастырылған жоқ;

Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE  ішкі құжаты Листингілік 
ережелерінің  2.2. тарауының 3   қосымшасының 1 тарауының 1) 
тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді.

Аталмыш акциялар 2010 жылдың  04 наурызынан бастап KASE ресми 
тізіміне үшінші санат бойынша, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап, KASE 
ресми тізімінің негізгі алаңының "премиум" санатына  енгізілген. 2018 
жылдың 10 мамырынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының 
"стандарт" санатына  енгізілген. Олардың сауда-саттықтары 2010 жылдың 
09 наурызынан бастап ашылды.

[2019-05-14]