"Сентрас Секьюритиз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 21 мамырындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 22.05.19/ –  Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, 
"Сентрас Секьюритиз" АҚ ("Сентрас Секьюритиз" АҚ, бұдан әрі – компания) 
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 21 
мамырындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C51260012 жай акцияларының жалпы саны 5 000 000 
  дана;

- компанияның 2 000 000 жай акциялары орналастырылған;

- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған 
  акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар 
  санына иеленген жалғыз тұлға "Сентрас Инвест" ЖШС болып табылады.

[2019-05-22]