Бүгін Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкі KZ2D00003241 (EABRK270524_1) 20,0 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді
/KASE, 22.05.19/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы 
(KASE) хабарлайды: KASE сауда-саттық жүйесінде Еуразиялық даму 
банкінің KZ2D00003241 (KASE ресми тізімі, "халықаралық қаржы 
ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты, EABRK270524_1) 
облигацияларын төменде берілген шарттар бойынша орналастыру 
бойынша (алматы уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі.

------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты:             купондық 
облигациялар 
ISIN:                                KZ2D00003241           
KASE сауда-саттық коды:              EABRK270524_1          
Номиналдық құны, теңге:              1 000,00               
Шығарылым көлемі, млн теңге:                                
– тіркелген:                         20 000 000 000         
– орналастырылған:                   –                      
Айналыста болудың алғашқы күні:      облигацияларды         
                                     орналастыру бойынша    
                                     алғашқы аукцион        
                                     қорытындысы бойынша    
                                     анықталады             
Айналыста болудың соңғы күні:        кейінірек анықталады   
Өтеудің басталу күні                 кейінірек анықталады   
Айналыста болу мерзімі:              5 жыл                  
Купондық мөлшерлемесі                облигацияларды         
                                     орналастыру бойынша    
                                     алғашқы аукцион        
                                     қорытындысы бойынша    
                                     анықталады             
Купонды төлеу мерзімділігі:          жылына 2 рет           
Купонды төлеуге дейін:               кейінірек анықталады   
Уақыттық базасы:                     30 / 360               
------------------------------------ -----------------------
Сауда-саттық күні:                   27.05.19               
Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 20 000 000 000         
млн.теңге:                                                  
Лот көлемі, дана                     1                      
Сауда-саттық заты:                   купон мөлшерлемесі     
Сатуға өтінім түрлері:               шектелімді             
Өтінім беру тәсілі:                  жабық                  
Өтінімдерді қабылдау уақыты:         11:00–12:30            
Өтінімдерді растау уақыты:           11:00–13:00            
Кесім уақыты:                        15:00 (Т+0)            
Төлем уақыты:                        27.05.19, 15:00        
Өтінімдерді қагағаттандыру тәсілі:   кесімді баға бойынша,  
                                     өтінімдер қарсылама    
                                     өтінімдердің көлеміне  
                                     пропорционалды         
                                     қанағаттандырылады     
Өтінімдерді кесімдеу әдістемесі:     бағалары кесімді бағаға
                                     тең немесе одан жоғары,
                                     өтінімдер кесімделеді  
Сауда-саттық өткізу бастамашысы:     "Фридом Финанс" АҚ     
                                     (Алматы)               
Сауда-саттық жүйесі секторы          Int_Debts_List_        
Сауда-саттық жүйесі тобы             Int_Debts_List_        
------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен 
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның 
"таза" бағасы көрсетілуі тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны 
данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралдарының саны өтінімде лот көлеміне 
тең немесе лот көлеміне бөлінетін болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген бір облигацияның номиналдық 
құнында көрсетілген облигациялар санының туындысы көрсетілуі қажет.

Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен 
мәмілелер сомасын есептеу Әдістемесінің 3 бөлімі 18 – тармағына сәйкес 
есептеледі, ол http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-
жайында жарияланған.

Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер 
жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып 
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде 
көрсетілген уақытқа дейін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 
корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға тек  KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере 
алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. 
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership 
мекен-жайы бойынша жарияланған.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат 
http://kase.kz/ru/bonds/show/EABRK270524_3/ мекен-жайында жарияланған.

[2019-05-22]