"Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ 2018 жылдың бірінші тоқсанына өзінің шоғырландырылған өндірістік және қаржылық есебі туралы хабарлады
/KASE, 07.06.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми 
тізімінде тұрған "Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ  (Нұр-Султан) 
Қазақстан қор биржасына келесі баспасөз хабарламасын ұсынды:

цитата басы

Қазақстанның вертикалды-интеграцияланған мұнай газ компаниясы 
"Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ  (әрі қарай – "КМГ", "Компания"), 2019 
жылдың бірінші тоқсанына қаржылық есептілігіне сәйкес шоғырландырылған 
қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялады.

2019 жылдың бірінші тоқсанына өндірістік көрсеткіштер:

- Мұнай және газ конденсатының өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес 
  кезеңімен салыстырғанда 1,3% өсіп, 5 939 мың тоннаны құрады 
  (тәулігіне 495 мың баррель);

- Табиғи және жол жөнекей газды өндіру өткен жылдың есептік кзеңімен 
  салыстырғанда 4,7% артты, 2 173 млн м³ құрады;

цитата соңы

Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы –
http://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_070619_1.pdf мекен-жайында.

[2019-06-07]