JUPITER ENERGY LIMITED (Австралия) AU000000JPR6 (AU_JPRL) жай акциялары 2019 жылдың 10 маусымынан бастап эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 10.06.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік 
комиссиясының 2019 жылдың 10 маусымындағы шешімімен JUPITER 
ENERGY LIMITED (Австралия) (Батыс Перт, әрі қарай – компания) 
AU000000JPR6 (KASE балама сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, 
AU_JPRL) жай акциялары KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы 
хабарлайды.

KASE   2019 жылдың 24 мамырындағы қорытындысы бойынша KASE 
банктен келесі құжаттарды алғаны анықталды:

 - аталмыш облигацияларды 2019 жылдың 14 мамырынан бастап ерікті 
   түрде делистингілеу туралы өтініші;

 - компанияның орналастырылған акциялар санының бес және одан да 
   көп пайызын құрайтын жай акцияларына ие компанияның ірі 
   акционерлері болып табылатын "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 
   (109 864 441 жай акциялары немесе 71,63 %) 2019 жылдың 17 
   сәуіріндегі жағдайы бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы 
   анықтамасы;

 - 2019 жылдың 17 сәуіріндегі жағдай бойынша  компанияның бағалы 
   қағаздарын ұстаушылардың тізілімінің көшірмесіне сәйкес аталмыш 
   облигациялар орналастырылған жоқ;

Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE  ішкі құжаты Листингілік 
ережелерінің  2.2. тарауының 3   қосымшасының 1 тарауының 1) 
тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді.

Аталмыш акциялар 2013 жылдың  12 қыркүйегінен бастап KASE ресми 
тізіміне үшінші санат бойынша, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап, KASE 
ресми тізімінің негізгі алаңының "акциялар" санатына  енгізілген. Олардың 
сауда-саттықтары 2010 жылдың 10 желтоқсанынан бастап ашылды.

[2019-06-10]