"Альфа-Банк" Еншілес банкі АҚ Директорлар кеңесі банктің екінші облигациялық бағдарламасы шығарылымы және оның аясындағы облигациялардың бірінші шығарылымы туралы шешім қабылдады
/KASE, 17.06.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған  "Альфа-Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор 
биржасына (KASE), Директорлар кеңесінің 2019 жылдың 13 маусымындағы 
шешімдері туралы хабарлады:

- екінші облигациялық бағдарлама шығарылымы арқылы банктің 
  міндеттемелерін 50,0 млрд теңгеге арттыру;

- екінші облигациялық бағдарлама шығарылымы аясында көлемі 15,0 
  млрд теңге облигациялардың бірінші шығарылымын жүзеге асыру;

- екінші облигациялық бағдарлама аясында облигациялардың бірінші 
  шығарылым шарттарын бекіту.

Аталмыш  ақпаратпен – 
http://kase.kz/files/emitters/ALBN/albn_info_reshenie_sd_130619_3659719.pdf

мекен-жайында танысуға болады.

[2019-06-17]