Биржада 17 маусымнан бастап, орындалуы 2019 жылдың желтоқсанында KASE индексінің мәніне фьючерстің сауда-саттығы ашылды
/KASE, 17.06.19/ – 2018 жылдың 17 маусымынан бастап орындалуы 
2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан қор биржасында (KASE) мынадай 
мерзімдік келісім-шарттардың сауда-саттығы ашылды:

- АҚШ долларының теңгеге бағамына есеп айырысу фьючерсі;

- KASE индексінің мәніне есеп айырысу фьючерсі

- KAZ Minerals PLC (Лондон) GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі, бірінші 
  санат, GB_KZMS) жай акциялар фьючерсіне;

- "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZ000A0LE0S4 (KASE ресми 
  тізімі, "премиум" санаты, HSBK) жай акциялар фьючерсіне;

- "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C00000876 ( KASE ресми тізімі, "премиум" 
  санаты, KCEL) жай акциялары фьючерсіне;

- "КазТрансОйл" АҚ (Астана) KZ1C00000744 (KASE ресми тізімі, бірінші 
  "премиум" санаты,  KZTO) жай акциялары фьючерсіне;

KASE сауда жүйесінде аталған алты айлық келісімшарттарға тисініше 
қысқартылған белгілер (сауда-саттық кодтары) _USDKZT1912, 
F_INKASE1912, F_GB_KZMS1912, F_HSBK1912, F_KCEL1912 және 
F_KZTO1912 берілген.

Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 
жоғарыда аталған фьючерстерге төмендегі алғашқы теориялық бағалар 
белгіленді.

2019 жылдың 13 желтоқсанынан бастап F_USDKZT1909, F_INKASE1909, 
F_GB_KZMS1909, F_HSBK1909, F_KCEL1909 және F_KZTO1909 
фьючерстері үш айлық мерзімдік келісімшарттарға айналатынын естеріңізге 
саламыз, соңғы сауда-саттық күні 2019 жылдың 13 қыркүйегі.

Алты айлық фьючерстермен соңғы сауда-саттық күні 2019 жылдың 13 
желтоқсаны болып табылады.

Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері 
Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық 
бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін 
өткізіледі

Биржалық сауда-саттыққа қатысу туынды қажы құралдарымен KASE 
деривативті нарығына клирингтік қатысушылар қатыса алады, оладың тізімі 
KASE интернет-сайтында 
http://www.kase.kz/ru/membership/clearing_partcipants мекен-жай бойынша 
жарияланды.

Мерзімдік келісімшарттың биржалық саудаларының ережелері – 
http://www.kase.kz/ru/fut мекен-жайында жарияланады.

KASE деривативі нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін биржаның ішкі 
құжаттарының мәтіні  http://www.kase.kz/ru/rules_kase мекен -жайында 
("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан.

[2019-06-17]