"ForteBank" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып М.О.Мырзабеков сайланды
/KASE, 10.06.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) 
ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Нұр-Сұлтан) төмендегі баспасөз 
хабарламасын ұсынды:

...

"ForteBank" АҚ-та (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 
Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық к-сі, 8/1) (бұдан әрі – "Банк") 
2019 жылғы 13 маусымда Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы 
жиналысы (бұдан әрі – "Жиналыс") өтті. Жиналыс шешімімен Мағжан 
Мұратұлы Әуезовтің Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі 
өкілеттіктері және Рүстем Сәбитұлы Бектұровтың Банктің тәуелсіз 
директоры – Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттіктері 
тоқтатылды.

Сонымен қатар, Жиналыстың шешіміне сәйкес, 2019 жылғы 14 маусымнан 
бастап Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері, Банктің акционері Болат 
Жәмитұлы Өтемұратовтың мүддесін білдіруші ретінде келесі өкілдері 
сайланды: Марлен Оразбекұлы Мырзабеков және Рүстем Сәбитұлы 
Бектұров. М. Мырзабеков пен Р. Бектұровтың Банктің Директорлар кеңесінің 
мүшелері ретіндегі өкілеттік мерзімі бір мезгілде - Банктің Директорлар 
кеңесі өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, яғни, 2022 жылы Банктің 
акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілген кезде аяқталатындығы 
белгіленді.

Осылайша, қазіргі уақытта Банктің Директорлар кеңесінің құрамы мынадай:

·        акционер мүдделерінің төрт өкілі: Марлен Оразбекұлы Мырзабеков, 
Рүстем Сәбитұлы Бектұров, Әнуар Болатұлы Өтемұратов, Тимур 
Ризабекұлы Исатаев;

·        екі тәуелсіз директор: Пандза Хуберт Альберт, Елдар Советұлы 
Абдразаков.

2019 жылғы 14 маусым күні Директорлар кеңесінің отырысында Марлен 
Оразбекұлы Мырзабеков Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

Бұған қоса, Банктің Директорлар кеңесінің осы отырысында Банктің 
Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамдары өзгертілді.

...

Осы ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_170619_1.pdf 
мекен-жайында жарияланған.

[2019-06-18]