Бүгін Қазақстан қор биржасында "Samruk-Kazyna Construction" АҚ 12,0 млн KZ2C00005957 (SKCNb1) облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді
/KASE, 24.06.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде "Samruk-Kazyna Construction" АҚ (Алматы) KZ2C00005957 (KASE 
негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, SKCNb1) облигацияларын төменде 
берілген шарттар бойынша (алматы уақытымен) арнайы 
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.

-------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты:         купондық облигациялар             
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі:     KZ2C00005957                      
KASE сауда-саттық коды:          SKCNb1                            
Номиналдық құны, теңге:          1 000,00                          
Шығарылым көлемі, млн теңге:                                       
– тіркелген:                     12 000 000 000                    
– орналастырылған:               –                                 
Айналыста болудың алғашқы күні:  облигацияларды                    
                                 орналастыру бойынша               
                                 алғашқы аукцион                   
                                 қорытындысы бойынша               
                                 анықталады                        
Айналыста болудың соңғы күні:    кейінірек анықталады              
Өтеудің басталу күні             кейінірек анықталады              
Айналыста болу мерзімі:          367 күн                           
Купон мөлшерлемесі               жылдық 10,50%                     
Купонды төлеу мерзімділігі:      айналым мерзімі соңында бір рет   
Купондық төлеуді басталуы:       кейінірек анықталады              
Уақыттық базасы:                 30 / 360                          
-------------------------------- ----------------------------------
Сауда-саттық күні:               24.06.19                          
жарияланған орналастыру көлемі,  12 000 000 000                    
теңге:                                                             
Лот көлемі, дана                 1                                 
Сауда-саттық заты:               "таза" бағасы                     
Сатуға өтінім түрлері:           шектелімді                        
Өтінім беру тәсілі:              жабық                             
Өтінімдерді қабылдау уақыты:     11:30–13:00                       
Өтінімдерді растау уақыты:       11:30–13:30                       
Кесім уақыты:                    15:00 (Т+0)                       
Төлем уақыты:                    24.06.19, 15:00                   
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:      бағалары кесімді бағаға           
                                 тең немесе одан жоғары,           
                                 өтінімдер кесімделеді             
Сауда-саттық өткізу бастамашысы:  "First Heartland Jýsan Invest" АҚ
Сауда-саттық жүйесі секторы      Debts_List_ST1                    
Сауда-саттық жүйесі тобы         Bonds_ST1_M                       
-------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен 
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның 
"таза" бағасы көрсетілуі тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны 
данамен белгіленуі тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға тек  KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер 
бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере 
алады.

KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership 
мекен-жайы бойынша жарияланған.

Республикалық дәрежедегі қаланың, астананың жергілікті биліктің атқарушы 
органымен ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару 
ережелері http://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf мекен-жайында жарияланған.

Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағиданың мәтіні 
http://kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайында жарияланған.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат 
http://kase.kz/ru/bonds/show/SKCNb1/ мекен-жайында жарияланған.

[2019-06-24]