"КазТрансОйл" АҚ "Транснефть" БАҚ жарамсыз мұнай үшін өтемақы механизмін талқылады
/KASE, 19.06.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған  "КазТрансОйл" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына 
(KASE), 2019 жылдың 25 маусымында төмендегі баспасөз-хабарламасын 
ұсынды:

цитата басы

2019 жылғы 20 маусымда Санкт-Петербургте өткен халықаралық Мұнай 
тасымалдаушылар қауымдастығы басқармасының отырысы аясында 
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов және «Транснефть» ЖАҚ 
президенті Николай Токарев Усть-Луга портында жөнелтілген жарамсыз 
мұнай үшін қазақстандық жүкжөнелтушілерге залалды өтеу туралы 
уағдаластыққа қол жеткізді.

Димаш Досанов «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша 
ұлттық оператор ретінде компанияның мұнай құбырлары жүйесі арқылы 
мұнай тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасы мен жүкжөнелтушілердің 
мүддесін қамтамасыз ететіндігін атап өтті. – Құбыр нарығының барлық 
қатысушылары мұнайдың хлорорганикамен ластануы проблемасына 
алғашқы рет тап болды. «Транснефть» кәсіби деңгейде ден қойды, салдарын 
жою үшін қолдан келгенін жасады деп ойламын. Ресейлік серіктестермен 
Усть-Луга портында жөнелтілген жарамсыз мұнай үшін шығындарды өтеу 
бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік».

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры «Транснефть» ЖАҚ тарапынан жарамсыз 
мұнай үшін есептер мен төлемдерді едәуір жеңілдететін өтемақы механизмі 
ұсынылғандығын айтып өтті. Механизмнің егжей-тегжейін және төлемдер 
сомасын «Транснефть» ЖАҚ мүдделі тараптарға белгіленген тәртіпте 
ұсынатын болады.

цитата соңы

Аталмыш ақпарат –  http://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_250619_1.pdf

[2019-06-25]