"RG Brands" АҚ акционері жылдық аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілікті бекітті және 2018 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге шешім қабылдады
/KASE, 25.06.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) 
ресми тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ (Алматы), акционерлерінің 
2019 жылдың 31 мамырындағы шешімдері туралы Биржаға хабарлады.

- "Делойт" ЖШС аудиторлық есебімен бекітілген, 2018 жылға компанияның 
  шоғырландырылған аудиттелген қаржылық есебі бекітілсін;

- 2018 жылға таза табысы 1 750 000 000 теңге көлемінде бекітілсін:

- Жай акциялар бойынша бір акцияға 558 теңгеден дивиденд төлеуге 
  бағытталсын. Дивиденд төлеуді бастау – 2019 жылдың 19 шілдесі.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібіндегі бес мәселе 
бойынша шешім қабылданды.

Аталмыш ақпарат – 
http://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_annual_shareholders_meeting_results_310519_384.pdf

[2019-06-25]