"ЛОГИКОМ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 02.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде 
тұрған, "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын 
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша 
үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C48640011 жай акцияларының жалпы саны 3 815 240 
  дана;

- компанияның 2 099 264 жай акциялары орналастырылған;

- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған 
  акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар 
  санына иеленген жалғыз тұлға "KS8 HOLDING B.V." АҚ болып табылады.

[2019-07-02]