"Альфа-Банк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 03.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "Альфа-Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің 
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай 
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- банктің жарияланған KZ1C00490017 жай акцияларының жалпы саны 548 400 000 
  дана;

- банктің  барлық жарияланған акциялары орналастырылған;

- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған 
  акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар 
  санына иеленген жалғыз тұлға "Альфа-Банк" АҚ  болып табылады.

[2019-07-03]