"AltynEx Company" АҚ жалғыз акционері 2018 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 05.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде 
тұрған  "AltynEx Company" АҚ (Ақтөбе обл) жалғыз акционерінің 2019 
жылдың 28 маусымындағы шешімдері туралы хабарлады.

  - компанияның 2018 жылға қаржылық есебі бекітілсін;

  - компанияның 2018 жылға  2 265 574 мың теңге таза табысы 
    бөлінбесін, компанияның иелігінде қалдырылсын;

  - 2018 жылға компанияның жай акциялары бойынша  дивиденд 
    төленбесін;

  - компанияның 2018 жылға жылдық есебі бекітілсін;

  - компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне 
    шағым түскен жоқ;

  - 2018 жылға компанияның Директорлар кеңесінің және атқарушы 
    органдарының сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпарат назарға 
    алынсын.

Толық ақпарат – 
http://kase.kz/files/emitters/ATEC/atec_annual_shareholders_meeting_results_280619_328.pdf
 мекен-жайында жарияланған.

[2019-07-05]