"Tengri Bank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 05.07.19/ – Бағалы қағаздары  Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "Tengri Bank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің 
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай 
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- банктің жарияланған KZ1C37560014 жай акцияларының жалпы саны 100 000 000 
  дана;

- банктің 25 935 316 жай акциялары орналастырылған;

- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан 
  аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:
-------------------------------------------------------------------------------
                                                                        Банктің
                                                                орналастырылған
                                                                   осы атаудағы
                                              Жай акциялар,   акциялардың жалпы
Атауы                                                  дана  санындағы үлесі, %
------------------------------------------ ---------------- -------------------
PUNJAB NATIONAL BANK                             10 800 000               41,64
М.Ж. Ыдырыс                                       2 000 000                7,71
А.А.Қуанышева                                     1 983 673                7,65
Р.Г. Рахимов                                      1 607 143                6,20
-------------------------------------------------------------------------------

[2019-07-05]