"Қазақтелеком" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 10.07.19/ – Бағалы қағаздары  Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға 
өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі 
жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C12280018 жай акцияларының жалпы саны 10 922 876 
  дана, KZ1P12280114 артықшылықты акциялар саны – 1 213 653 дана;

- компанияның  барлық жарияланған акциялары орналастырылған;

- компания өзінің 216 852 жай акциясын және 914 868 артықшылықты акциясын кері 
  сатып алды;

- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және 
  одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:
-------------------------------------------------------------------------------
                                                 Жай акциялар,                 
                                 -----------------------------      Компанияның
                                                                орналастырылған
                                                  осы атаудағы     акцияларының
                                               орналастырылған  жалпы санындағы
                                              акцияларды жалпы         үлесінің
Атауы                                  дана санындағы үлесі, %       барлығы, %
-------------------------- ---------------- ------------------ ----------------
"Самұрық-Қазына" Ұлттық   
әл-ауқат қоры" АҚ                 5 570 668              52,03            45,90
SKYLINE INVESTMENT COMPANY
S.A. (Люксембург)                 2 671 481              24,95            22,01
THE BANK OF NEW YORK      
MELLON DRS (номиналды     
ұстаушы)                          1 001 276               9,35             8,25
-------------------------------------------------------------------------------

[2019-07-10]