"Fincraft Resources" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 11.07.19/ – Бағалы қағаздары  Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "Fincraft Resources" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) 
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 
шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C54620014 жай акцияларының жалпы саны 30 000 000 
  000 дана, KZ1P54620110 артықшылықты акциялар саны – 750 000 000 дана;

- компанияның 12 846 773 954 жай акциялары және 392 649 871 артықшылықты 
  акциялары орналастырылған;

- компания өзінің 10 445 774 акциялары кері сатып алды;

- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы 
  көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға К.Х.Рақышев  болып табылады, оның 
  меншігінде 12 690 589 162 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы 
  санынан 95,85%) соның ішінде компанияның 12 560 928 493 жай акциясы 
  (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 97,85%) және 129 
  660 669 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты 
  акцияларының жалпы санынан 33,02%) бар.

[2019-07-11]