16 шілдеде Қазақстан қор биржасында Еуропа қайта құру және даму банкі айналым мерзімі жеті жыл XS2027948582 халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі
/KASE, 11.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа)  өзінің 
сауда-саттық жүйесінде 2019 жылдың 16 шілдеде жазылым жүргізу арқылы 
Еуропа қайта құру және даму банкі XS2012983693 халықаралық 
облигацияларының бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады. 
Айналым мерзімі – жеті жыл. Аталмыш облигациялардың шығарылымы 
жахандық орташа мерзімдік ноттар (GMTN Programme) аясында жүзеге 
асырылады.

Эмитентке  S&P, Moody’s және Fitch агенттіктері AAA/Aaa/AAA рейтингтерін 
ұсынған, болжам "тұрақты".

Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Tengri 
Capital MB" АҚ (әрі қарай – Сатушы) болады.

Орналастырылатын облигациялардың саны – 60 000 000 000 дана.

Өтінімде облигацияның бағасы ретінде, бағалы қағаздың номиналды 
құнынан пайызбен төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, 
облигацияның кірістілігі көрсетілуі тиіс. Нарықтық өтінім жағдайында баға 
ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетіледі. Купонның жартыжылдық 
мөлшерлемесі Қазақстандағы тұтынушы бағасы индексінің мәніне сәйкес 
есептеледі. Жартыжылдық купон мөлшерлемесі қазақстандағы инфляция 
деңгейіне байланысты болады.

Орналастыруға жоспарланған облигациялардың жиынтық номиналдық 
көлемі алдын ала және аталмыш жазылым бастамашысының хабарламасы 
бойынша. Қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың данамен 
саны теңгемен көрсетілуі тиіс. Минималды лот 1 000 теңгеге тең.

Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 16 шілде күні алматы 
уақытымен сағат 11:00-дан бастап 13:00-ге дейін. (ALT). Жазылым аясында 
KASE сауда-саттық жүйесінде шектеулі және нарықтық өтінімдер 
қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі – 30 %.

Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну күні – 2019 жылдың 16 
шілдесі. Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну күні – 
2019 жылдың 16 шілдесі; есеп айырысу күні - 2019 жылдың  18 шілдесі.  
Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге 
асырылады.

Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE 
мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық 
тізімі http://kase.kz/ru/membership мекен-жайына жарияланған.

Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың 
эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде Жеке 
тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы 
беріледі.

Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында 
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған.

[2019-07-12]