"Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 12.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде 
тұрған, "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – 
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 
жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C39700014 жай акцияларының жалпы саны 1 500 000 
  дана;

- компанияның  барлық жарияланған акциялары орналастырылған;

- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған 
  акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар 
  санына иеленген жалғыз тұлға "DOSTYK LEASING" ЖШС болып табылады.

[2019-07-12]