"Tin One Mining" (Тин Уан Майнинг) АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 12.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде 
тұрған, "Tin One Mining" (Тин Уан Майнинг) АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) 
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 
шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C52400013 жай акцияларының жалпы саны 120 001 
  дана;

- компанияның  барлық жарияланған акциялары орналастырылған;

- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және 
  одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:
-------------------------------------------------------------------------------
                                                                    Компанияның
                                                                орналастырылған
                                                                   осы атаудағы
                                              Жай акциялар,   акциялардың жалпы
Атауы                                                  дана  санындағы үлесі, %
------------------------------------------ ---------------- -------------------
"BERKUT MINING" (БЕРКУТ МАЙНИНГ) ЖШС                 90 000               75,00
"Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС                          30 001               25,00
-------------------------------------------------------------------------------

[2019-07-12]