KASE 2019 ЖЫЛДЫҢ 01 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨКІЛЕТТІЛІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ
/KASE, 16.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE), "Қор нарығы 
индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – 
Әдістеме) сәйкес Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 
2019 жылдың 15 шілдесіндегі шешімімен, 2019 жылдың 01 тамызынан 
бастап KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімін анықтады.

Аталмыш шешімге сәйкес, 2019 жылдың 01 тамызынан бастап KASE 
Индексін есептеу үшін өкілеттік тізімі өзгеріссіз қалады.

Сонымен, 2019 жылдың 01 тамызынан бастап KASE Индексін 
есептегенде келесі акциялардың параметрлері қолданылатын болады:
-------------------------------------------------------------------------
# р/с Акцияның ҰСН немесе ISIN Эмитент                Fi     Ri     Үлесі
      коды                                                               
----- -------- --------------- --------------------- ---- --------- -----
  1   CCBN     KZ0007786572    "Банк ЦентрКредит" АҚ 43,8 1,0000000  10,0
  2   GB_KZMS  GB00B0HZPV38    KAZ Minerals PLC      65,7 0,0342928  15,0
  3   HSBK     KZ000A0LE0S4    "Қазақстан Халық      65,7 0,0656287  15,0
                               жинақ банкі" АҚ "                         
  4   KCEL     KZ1C00000876    "Кселл" АҚ            65,7 0,3220751  15,0
  5   KEGC     KZ1C00000959    "KEGOC" АҚ (KEGC)     65,7 0,6057833  15,0
  6   KZTK     KZ0009093241    "Қазақтелеком" АҚ     65,7 0,4154888  15,0
  7   KZTO     KZ1C00000744    "ҚазТрансОйл" АҚ      65,7 0,6151807  15,0
-------------------------------------------------------------------------

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру 
нөмірі.

Эмитент – акция эмитентінің қысқаша атауы.

Fi – 14.04.19 жылы KASE-де тіркелген, соңғы мәміле бағасының, 
12.04.19 жылға еркін айналыстағы акциялар санының және, әрбір атаулы 
акциясының индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін, Ri коэфициентінің 
көбейтіндісі нәтижесінде алынған параметр, млн АҚШ долларымен 
көрсетіледі. Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімі 
күшіне енгеннен кейін, яғни 01.05.19 басында Fi мәні біршама басқа 
болады, өйткені акциялардың ағымдағы бағаларына сәйкес Ri 
коэффициенттері түзетілетін болады.

Ri – шектеу коэффициенті – есептесу тәртібі Әдістемеде берілген, 
0,15 (15 %) дейін индекс мәніне әрбір акцияның әсер ету үлесін шектейтін 
параметр.

Үлес – KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімде тұрған, барлық 
атаулылар акцияларының жалпы нарықтық құнындағы қандай да бір атаулы 
акциясының жалпы нарықтық бағасының үлесі.

Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында 
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_izm6.pdf мекен-жайы 
бойынша жарияланған.

[2019-01-16]