"КазТрансГаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 19.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "КазТрансГаз" АҚ  ("КазТрансГаз" АҚ , бұдан әрі – компания) 
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 
шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C41310018 жай акцияларының жалпы саны 352 547 508 
  дана;

- компанияның 351 540 791 жай акциялары орналастырылған;

- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған 
  акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар 
  санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ болып 
  табылады.

[2019-07-19]