23 шілдеден бастап "Bank RBK" Банкі" АҚ KZ2C00006013 (INBNb8) және KZ2C00006021 (INBNb9) облигациялары KASE ресми тізіміне альтернативті сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 19.07.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының 
(KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 17 шілдесіндегі 
шешімімен "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы):

- KZ2C00006013 (100 теңге, 10,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық 
  купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы 
  мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша 
  анықталады; 30/360);

- KZ2C00006021 (100 теңге, 10,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық 
  купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы 
  мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша 
  анықталады; 30/360)

облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының 
"облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді:

Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 23 шілдесінен бастап, 
эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 
қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына 
байланысты, өз күшіне енді.

Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы 
туралы қосымша хабарланады.

Аталмыш облигацияларға INBNb8 және INBNb9 қысқарған белгілері (сауда-
саттық кодтары) берілді.

Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE 
интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/ALBN/ мекен-
жайында жарияланады.

[2019-07-23]