26 шілдеден бастап KASE қайталама нарық секторында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2027948582 (EBRDK180727) халықаралық облигацияларының сауда-саттығы ашылады
/KASE, 12.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 
шешімімен 2019 жылдың 26 шілдесінен бастап KASE қайталама нарық 
секторында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2027948582 
(KASE ресми тізімі, "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" 
санаты, EBRDK180727, 1 000 теңге, 60,0 млрд теңге; 18.07.19 – 18.07.27; 
жарты жылдық купон – Қазақстан Республикасындағы инфляция + маржа; 
actual/360) халықаралық облигацияларының сауда-саттығы ашылады.

Аталмыш акциялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі номиналдан 
пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза емес" бағасының төртінші ондық 
таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталмыш облигациялар бойынша толығырақ ақпарат KASE интернет-
сайтында http://kase.kz/ru/issuers/EBRD/ мекен-жайында жарияланған.

[2019-07-26]