2019 ЖЫЛДЫҢ 01 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ
/KASE, 31.07.19/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы 
қағаздарды бағалау комитетінің 2019 жылдың 31 шілдесіндегі шешімімен 
2019 жылдың 01 тамызынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін 
акциялардың жаңа параметрлері – еркін айналыстағы акциялардың үлесі 
және шектеу коэффициенттері –  анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, 
акциялардың 2019 жылдың 01 тамызынан бастап қолданыста болған және 
жаңа параметрлері көрсетілген.

--------------------------------------------------------------------
Акциялар коды     ISIN     Орналастырылған Free float шектеулі коэф-
                             акциялар саны    (Fi), %   фициент (Ri)
------------- ------------ --------------- ---------- --------------
CCBN          KZ0007786572     165 637 911       41,7      1,0000000
GB_KZMS       GB00B0HZPV38     480 723 977       55,6      0,0320845
HSBK          KZ000A0LE0S4  11 754 049 397       25,5      0,0599880
KCEL          KZ1C00000876     200 000 000       20,0      0,3109220
KEGC          KZ1C00000959     259 998 610       10,0      0,5866033
KZTK          KZ0009093241      10 707 323       23,0      0,3947221
KZTO          KZ1C00000744     384 628 099       10,0      0,5903420
--------------------------------------------------------------------
Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 
аталмыш шешімімен 2019 жылдың 01 тамызынан бастап KASE Индексін 
есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 4,878921 
қолданылады.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE  акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті 
есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, 
олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free 
float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы 
акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы 
индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау 
шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері 
KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында 
жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық 
сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" 
атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында 
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жай 
бойынша жарияланған.

Индекс беті http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жай бойынша 
жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын 
(алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер 
бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция 
шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық 
таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: ABBN –   "Астана Банкі"; CCBN – 
" ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; HSBK – "Қазақстан 
Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KEGC – "Қазақстан электр 
желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating 
Company) "KEGOC" (KEGC); KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – 
"КазТрансОйл" АҚ.

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің 
тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның 
ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік 
компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде 
анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде 
орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының 
мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің 
жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына 
иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен 
стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын 
институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді 
қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес 
пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2019-07-31]