"Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ Нұр-Сұлтан қаласында ірі бизнес орталығы құрылысының жобасын қаржыландырғаны туралы хабарлады
/KASE, 05.08.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) 
ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ (Алматы), 
Қазақстан қор биржасына 2019 жылдың 05 тамызында келесі баспасөз 
хабарламасын ұсынды:

цитата басы

Сбербанк «BI Group» құрамына кіретін «BI Business» ЖШС-нің (тапсырыс 
беруші - «BI Property» ЖШС) ауқымды жобасын қаржыландырды. Нұр-
Сұлтан қаласында «АУРА II» ірі бизнес орталығының құрылысы бойынша 
жобаның жалпы құны 9 млрд. теңгені құрайды.

19 қабатты, А классына жататын «АУРА II» заманауи бизнес орталығы, 
тапсырыс берушінің ойластыруы бойынша әрлеу және инженерияның 
жоғары сапасымен, автоматтандырылған тіршілікті қамтамасыз ету 
жүйелерімен және паркингімен ерекшеленеді.  Әкімшілік кешен еркін 
жайғастыруға қолайлы болатындай жоспарланған, замануи дизанге ие, 
оның орталықтандырылған инфрақұрылымы жалға алушыларды оптикалық-
талшықты байланыспен және конференц-залдармен қамтамасыз етеді.

«Бұл атақты «BI Group» холдингімен алғашқы ортақ жобамыз емес, біз бұл 
жобаға қуана қатысып отырмыз. Компания Қазақстан нарығында көптеген 
жылдар қызмет етіп келеді және мінсіз беделге ие. Біз кезекті ортақ 
кәсіпорын екі жақты қарым-қатынасымыздың сәтті жалғасы болады деп 
сенеміз», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқармасы Төрағасының 
Бірінші орынбасары Ельдар Тенизбаев.

Жаңа бизнес орталықтың сәтті құрылыс үшін Сбербанк Қазақстан «BI 
Business» ЖШС-не 5,5 млрд. теңге мөлшерінде 7 жыл мерзімге кредиттік 
желіні мақұлдады.

«Бұл жобаның өзектілігі ел астасында сапалы кеңсе жайларға сұраныстың 
артуына байланысты. Заманауи концепция, айрықша орналасқан жері, 
бірегей сәулет құрылысы мен жіті ойластырылған ішкі инфрақұрылым жаңа 
әкімшілік кешенді бизнес жүргізу үшін ең үздік нысанға айналдыратынына 
сенімдіміз», - дейді «BI Property»ЖШС директоры Сарсекеева Гульнур.

«АУРА II» әкімшілік кешенінің ашылуы 2020 жылдың бірінші тоқсанына 
жоспарланып отыр.

цитата соңы

[2019-08-05]