Бүгін Қазақстан қор биржасында Алматы облысының жергілікті атқарушы органының 1,0 млн KZMJ00000529 (ATK024_052) облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді
/KASE, 07.08.19/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының 
(KASE) сауда-саттық жүйесінде Алматы облысының жергілікті атқарушы 
органының мемлекеттік облигацияларын төменде берілген шарттар 
бойынша (алматы уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі.

------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты:             Қызылорда              
                                     облысының жергілікті   
                                     атқарушы органының     
                                     борыштық бағалы        
                                     қағаздары              
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі:         KZMJ00000529           
KASE сауда-саттық коды:              ATK024_052             
Номиналдық құны, теңге:              1 000,00               
Шығарылым көлемі, млн теңге:                                
– тіркелген:                         2 805 006 000          
– орналастырылған:                   1 230 200 000          
Айналыста болудың алғашқы күні:      28.05.19               
Айналыста болудың соңғы күні:        28.05.21               
Өтеудің басталу күні                 28.05.21               
Айналыста болу мерзімі:              2 жыл (720 күн)        
Купонды төлеу мерзімділігі           жылына 2 рет           
Купон мөлшерлемесі                   жылдық 0,35 %          
Купондық төлеуді басталуы:         1 28.11.19               
                                   2 28.05.20               
                                   3 28.11.20               
                                   4 28.05.21               
Уақыттық базасы:                     30 / 360               
------------------------------------ -----------------------
Сауда-саттық күні:                   07.08.19               
Өтеуге дейінгі мерзім:               1,8 жыл (651 күн)      
Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 1 000 000 000          
млн.теңге:                                                  
Лот көлемі, дана                     1                      
Сауда-саттық заты:                   "таза" бағасы          
Сатуға өтінім түрлері:               шектелімді             
Өтінім беру тәсілі:                  жабық                  
Өтінімдерді қабылдау уақыты:         11:30–12:30            
Өтінімдерді растау уақыты:           11:30–13:00            
Кесім уақыты:                        15:00 (Т+0)            
Төлем уақыты:                        07.08.19, 15:00 (Т+0)  
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:          бағалары кесімді бағаға
                                     тең немесе одан жоғары,
                                     өтінімдер кесімделеді  
Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:   Биржа қарсылама        
                                     өтінімдер қабылдаған   
                                     уақыт бойынша кесімдеу 
                                     бағасымен              
Сауда-саттық жүйесі секторы          MBonds_ST              
Сауда-саттық жүйесі тобы             MS_Bonds_024           
------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен 
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның 
"таза" бағасы көрсетілуі тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны 
данамен белгіленуі тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға тек  KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере 
алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады.

KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership 
мекен-жайы бойынша жарияланған.

Республикалық дәрежедегі қаланың, астананың жергілікті биліктің атқарушы 
органымен ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару 
ережелері http://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf мекен-жайында жарияланған.

Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағиданың мәтіні 
http://kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайында жарияланған.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат 
http://kase.kz/ru/gsecs/show/ATK024_052/ мекен-жайында жарияланған.

[2019-08-07]