"КоЖаН" АҚ жалғыз акционері 2018 жылға компанияның аудиттелген қаржылық есептілігін бекітті және 2018 жылға жай акциялары бойынша дивиденд төлемеуге шешім қабылдады
/KASE, 07.08.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған  "КоЖаН" АҚ (Атырау), Қазақстан қор биржасына (KASE), 
жалғыз акционерінің 2019 жылдың 06 тамызындағы шешімдері туралы 
хабарлады:

- 2018 жылға компанияның аудиттелген қаржылық есептілігін бекітілсін;

- Компанияның 2018 жылға 22 046 517 000  теңге көлеміндегі таза табысы 
  бөлінбесін және өткен жылдың таза табысына қосылсын. 2018 жылға жай 
  акциялар бойынша дивиденд төленбесін.

Аталмыш  ақпаратпен – 
http://kase.kz/files/emitters/KOZN/kozn_decision_sole_shareholder_060819_562.pdf
 мекен-жайында танысуға болады.

[2019-08-07]