KASE Банк ВТБ Еншілес ұйымы АҚ (Қазақстан) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE_BM* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады
/KASE, 16.07.19/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2019 жылдың 16 
сәуірінен  бастап, олардың маркет-мейкері болмауына байланысты Банк 
ВТБ АҚ  (Қазақстан) Еншілес ұйымы KZ2C00002715 (BVTBb2) 
облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, негізгі 
алаңның өкілеттік тізімінен (KASE_BM* серия) алып тастады.

2019 жылдың 16 шілдесінен бастап KASE_BМ* индексінің өкілеттік тізімі 35 
атаудағы облигациядан тұрады.

KASE_ BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі.

KASE_BМC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша 
(жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы 
бойынша) есептелетін бағалар индексі.

KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік 
облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді.

Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу 
әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE 
интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf 
мекен-жайы бойынша танысуға болады.

[2019-07-16]