"Самұрық-Энерго" АҚ 136,3 млн АҚШ доллары көлемінде Мойнақ ГЭС қарызын мерзімінен бұрын өтегені туралы хабарлады
/KASE, 15.08.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) 
ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға 
2019 жылдың 15 тамызындағы хабарламасын ұсынды:

цитата басы

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикалық холдингі мен оның 
құрамындағы компания – «Мойнақ СЭС» АҚ Қазақстанның су электр 
станциясын салу үшін осыдан бұрын Қытайдың Мемлекеттік даму банкінен 
алған, сомасы 136,3 млн. АҚШ доллары болатын валюталық қарызын 
мерзімінен бұрын өтеді.

Мәміленің іске асырылуы Самұрық-Энергоға өзінің кредиттік портфеліндегі 
валюталық қарыздарының үлесін 17%-тен 3%-ке дейін айтарлықтай 
азайтуға және холдингтің қаржылық көрсеткіштеріне валюта курсы 
құбылуының теріс әсерін азайтуға мүмкіндік берді. Одан тыс, 
сарапшылардың сөзінше, валюталық қарызды мерзімінен бұрын өтеу 
экономиканы долларсыздандыру, сыртқы квази-мемлекеттік қарыздың 
деңгейін азайту, ұлттық компаниялар активтерінің құнын ұлғайту бөлігіндегі 
мемлекеттік саясатқа сай келеді.

«Бұған қосымша, мәміле «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 50 млн. АҚШ доллары 
сомасындағы корпоративтік кепілдігінің күшін жоюға, сол арқылы 
акционердің шартты түрдегі міндеттемелерінің сомасын төмендетуге 
мүмкіндік берді», - деді «Самұрық-Энерго» АҚ «Қазынашылық және 
Корпоративтік Қаржы» Департаментінің директоры С. Ли осы себепке 
байланысты өткен баспасөз конференциясында.

 цитата соңы

Толық ақпарат KASE интернет-сайтында 
http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_150819_kz.pdf мекен-жайында 
жарияланған.

[2019-08-15]