Бүгін Қазақстан қор биржасында "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ 40,0 млн KZ2C00005866 (TMJLb6) облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді
/KASE, 20.08.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ  
KZ2C00005866 ( KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты,TMJLb6)  
облигацияларын төменде берілген шарттар бойынша (алматы уақытымен) 
арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.

------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты:             купондық облигациялар  
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі:         KZ2C00005866           
KASE сауда-саттық коды:              TMJLb6                 
Номиналдық құны, теңге:              1 000,00               
Шығарылым көлемі, млн теңге:                                
– тіркелген:                         40 000 000 000         
– орналастырылған:                   –                      
Айналыста болудың алғашқы күні:      облигацияларды         
                                     орналастыру бойынша    
                                     алғашқы аукцион        
                                     қорытындысы бойынша    
                                     анықталады             
Айналыста болудың соңғы күні:        кейінірек анықталады   
Өтеудің басталу күні                 кейінірек анықталады   
Айналыста болу мерзімі:              15 жыл (5 400 күн)     
Купонды төлеу мерзімділігі           жылына 2 рет           
Купон мөлшерлемесі                   жылдық 2,00 %          
Купонды төлеуді бастау күні:         кейінірек анықталады   
Уақыттық базасы:                     30 / 360               
------------------------------------ -----------------------
Сауда-саттық күні:                   20.08.19               
Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 40 000 000 000         
млн.теңге:                                                  
Лот көлемі, дана                     1                      
Сауда-саттық заты:                   купон мөлшерлемесі     
Сатуға өтінім түрлері:               шектелімді             
Өтінім беру тәсілі:                  жабық                  
Өтінімдерді қабылдау уақыты:         11:30–12:00            
Өтінімдерді растау уақыты:           11:30–12:30            
Кесім уақыты:                        13:30 (Т+0)            
Төлем уақыты:                        20.08.19, 13:30        
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:          бағалары кесімді бағаға
                                     тең немесе одан жоғары,
                                     өтінімдер кесімделеді  
Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:   Биржа қарсылама        
                                     өтінімдер қабылдаған   
                                     уақыт бойынша кесімдеу 
                                     бағасымен              
Сауда-саттық өткізу бастамашысы:      "SkyBridge Invest"АҚ  
Сауда-саттық жүйесі секторы          Debts_List_ST1         
Сауда-саттық жүйесі тобы             Bonds_ST1_M            
------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен 
көрсетілген, үтірден кейінгі екінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның 
"таза" бағасы көрсетілуі тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны 
данамен белгіленуі тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға тек  KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере 
алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. 
Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен 
мәмілелер сомасын есептеу Әдістемесінің 3 бөлімі 18 – тармағына сәйкес 
есептеледі, ол http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-
жайында жарияланған.

Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер 
жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып 
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде 
көрсетілген уақытқа дейін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 
корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға тек  KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере 
алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. 
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership 
мекен-жайы бойынша жарияланған.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат 
http://kase.kz/ru/bonds/show/TMJLb6/ мекен-жайында жарияланған.

[2019-08-20]