"АТФБанк" АҚ акционерлері банктің 2018 жылға таза табысын өткен жылдардағы бөлінбеген зиянды азайтуға жұмсауға шешім қабылдады
/KASE, 23.08.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми 
тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы) 2019 жылдың 22 тамызындағы 
акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы 
хабарлады.

Акционерлер, келесі шешімдерді қабылдады:

- банктің 2018 жылға аудиттелген қаржылық (жылдық) есептілігін және 
  аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту;

- банктің 2018 жылға таза табысын өткен жылдың бөлінбеген зиянын 
  азайтуға жұмсауға;

- банктің 2018 қаржылық жылға жай акциялары бойынша дивидендін 
  төлемеуге;

- банктің 2019, 2020 және 2021 жылдарға аудит жүргізетін қаржылық 
  ұйымы ретінде "КПМГ Аудит" ЖШС анықтау туралы.

Акционерлердің жалпы жиналысында барлығы тоғыз мәселе бойынша күн 
тәртібі бекітілді.

Аталмыш ақпарат – 
http://kase.kz/files/emitters/ATFB/atfb_annual_shareholders_meeting_results_220819_7060.pdf

[2019-08-23]