"Сбербанк России" АҚ Еншілес банкі өзінің KZP02Y09C172 (KZ2C00000453, TXBNb5) облигацияларын өтегені туралы хабарлады
/KASE, 27.08.19/ - "Сбербанк России" АҚ Еншілес банкі (Алматы) 2019 жылдың 27
тамызында өзінің KZP02Y09C172 (KZ2C00000453, TXBNb5) облигацияларын өтегені,
сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы -  купондық
сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы
сомасы 4838658202.82 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың
жиынтық номиналды құнының) сомасы – 4690895010 теңгені,  купондық сыйақысы –
147763192.82 теңгені құрады.

[2019-08-27]