13 тамыздан бастап "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00006203 (BTRKb3) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 28.08.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының 
(KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 28 тамызындағы 
шешімімен "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Нұр-Сұлтан) 
KZ2C00006203 (1 000 тенге, 25,0 млрд тенге; 10 жыл, жарты жылдық купон, 
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы 
мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 
30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының 
"облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді.

Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 28 тамыздан бастап, 
эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 
қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына 
байланысты, өз күшіне енді.

Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы 
туралы қосымша хабарланады.

Аталмыш облигацияларға BTRKb3 қысқарған белгісі (сауда-саттық кодтары) 
берілді.

Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-
сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/BTRK/ мекен-жайында 
жарияланады.

[2019-08-28]