01 ҚЫРКҮЙЕГІНЕН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ KASE_BM* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСІНІҢ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕ 33 АТАУЛЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
/KASE, 29.08.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және 
бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2019 жылдың 01 
қыркүйегінен  бастап, KASE "Қор нарығының индикаторларының есептеу 
әдістемесі" (одан әрі – Әдістеме) ішкі құжатына сәйкес, "Самұрық-Энерго" АҚ 
KZ2C00003986 (SNRGb2) облигацияларын KASE_BM* сериялы 
индикаторларын есептеуге арналған өкілетті тізімінен 2019 жылдың 02 
қыркүйегінен бастап, маркет-мейкері болмауына байланысты өкілеттік 
тізімнен шығарды:

 Әдістемеге сәйкес қандай да бір атаудың облигацияларының   KASE_BM* 
сериялы өкілетті тізімінде орналастырудағы негізгі өлшемі маркет-мейкердің 
болуы болып табылады.

KASE_BM* сериялы индикаторлар негізгі алаңы тізіміне енгізу үшін жаңа 
облигациялары  жоқ.

Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын 
есептеуге арналған өкілеттік тізімін қайта қарастырады:

1) негізгі алаң (серия KASE_BM*) – KASE_BMC таза бағасы индексі және 
   KASE_BMY кірістілік индикаторы;

2) балама алаңы (серия KASE_BA*) – KASE_BAC таза бағасы индексі 
   және кірістілік индикаторы KASE_BAY кірістілік индикаторы.

2019 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE_BM* сериялы 
индикаторларының өкілеттік тізімі 33 атаудағы облигациядан тұрады.

KASE_BA* сериялы индикаторларының тізіміне енгізу үшін балама алаңның 
облигациялары жоқ.

2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап, KASE_BA* сериялы индикаторларын 
есептеуге арналған аталмыш индикаторлар болмағандықтан, 
индикаторларды есептеу тоқтатылды, өйткені Әдістемеге сәйкес 
корпоративтік облигациялардың жалпы саны кем дегенде төрт индикатордан 
тұруы тиіс.

Аталмыш тізім KASE интернет-сайтында 
http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ мекен-жайында 
жаряланған.

Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында 
http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайында 
жаряланған.

[2019-08-29]