Қазақстан қор биржасында 29 тамызынан бастап "Нұрбанк" АҚ KZ2C00002871 (NRBNb15) облигацияларымен сауда-саттық жаңартылады
/KASE,16.08.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) басқармасының 
шешімімен 2019 жылдың 29 тамызынан бастап, Қазақстан қор 
биржасында "Нұрбанк" АҚ (Алматы) KZ2C00002871 (KASE негізгі сауда-
саттық алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb15) облигацияларымен сауда-
саттық жаңартылады.

Аталмыш облигациялармен сауда-саттық Қазақстан қор биржасында KASE 
Басқармасының шешіміне сәйкес, 2019 жылдың 19 тамызынан  бастап, 2019 
жылдың 12 тамызында аталмыш облигацияларды ұстаушылардың 
жиналысы өтуіне байланысты тоқтатылды.

Аталмыш облигациялармен сауда-саттық 2019 жылдың 19 тамызында 
облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысындағы қабылданған және 
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде аталмыш облигациялардың 
шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуіне 
байланысты жаңартылды.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ 2019 жылдың 28 
тамызындағы хатымен оның есепке алу жүйесінде аталмыш облигациялар 
бойынша операцияларды тіркеу жаңартылды.

Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен 
толықтырулар KASE интернет-сайтында – 
http://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbnf9_NRBNb15_izm_260819.pdf 
жарияланды.

Бұрын осы тақырыпта 2019 жылдың 29 шілдесіндегі KASE жаңалығы 
"Нұрбанк" АҚ KZ2C00002871 (NRBNb15)  облигацияларымен сауда-саттық 
19 тамызынан бастап тоқтатылды" атты жаңалығы жарияланған  – 
http://kase.kz/ru/news/show/1411536/

[2019-08-29]