KASE индекстелмеген МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру үшін қажетті Базалық кезеңнің ұзақтылығын өзгертті
/KASE, 02.09.19/ – 2019 жылдың 02 қыркүйегінен бастап Қазақстан қор 
биржасының (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау 
комитетінің (бұдан әрі - Комитет) шешімімен Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік индекстелмеген облигацияларының  нарықтық бағалауын 
жүзеге асыру мақсатында, бағалау датасына дейінгі 80 күнтізбелік күн 
барысында жасалған мәмілелердің параметрлері қолдануға шешім 
қабылдады.

Бағалы қағаздарды бағалау Әдістемесіне (әрі қарай – Әдістеме) сәйкес 
индекстелмеген МБҚ өтеу кірістілігі бойынша бағаланады, мәні қосалқы 
топтар белгілеген мерзіміне қарай әрбір бағалы қағазды өтеу мерзіміне 
дейін анықталады. Сонымен қатар, бір қосалқы топқа өтеу кірістілігі күндер 
санынан өтеуге дейін бір теңдеумен нақты сипатталаған болуы тиіс.   
Полиномиалды тренд теңдеуі әрбір қосалқы топ үшін Қазақстан қор 
биржасында жасалған мәмілелердің орындалу параметрлерін   
аппроксимациялау арқылы, ұзақтығын Комитет анықтайтын, бағалау күнінің 
(әрі қарай тақырыптамада – Базалық кезең) алдындағы белгілі бір уақыт 
аралығында  анықталады.

Базалық кезеңнің ұзақтылығын Комитет мынадай шарттармен белгілейді: 
Базалық кезең кемінде 40 күнтізбелік күн және 360 күнтізбелік күннен аспауы 
тиіс, оның ұзақтылығы күнмен көрсетіліп, 20-еселік болуы тиіс, кезең, осы 
қосалқы топқа кіретін, МБҚ үшін 25 нәтижелі күнді қамтуы тиіс.

2019 жылдың 02 қыркүйегіне дейін  МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру 
мақсатында, базалық кезеңнің ұзақтығын 60 күнтізбелік күн қолданылған.

Әдістеменің 20-тармағының 1 тармақшасына сәйкес, нарықтың ағымдық 
конъюктурасына нарықтың баға мәнін жақындастыру мақсатында, бірінші 
қосалқы тобындағы МБҚ үшін Базалық кезең 20 күннен 60 күнтізбелік күнге 
дейін ұзартылды.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында 
http://www.kase.kz/files/normative_base/met_ocen_zb.pdf мекен-жай бойынша 
қолжетімді.

Әдістемеге және нарықтық бағаларды есептеу тәртібіне байланысты 
сұрақтар бойынша KASE Ақпарат және талдау департаментіне 
(727) 237 53 18 тел., e-mail: info@kase.kz арқылы хабарласуға болады.

[2019-09-02]