"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Алматы облысында 100 МВт қуатты күн электр стансасын пайдалануға бергені туралы хабарлады
/KASE, 03.09.19/ – облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан), биржаға 
жолдаған 2019 жылдың 03 қыркүйегіндегі баспасөз мәлімдемесін 
жарияланды:

...

Бүгін Алматы облысында Қапшағай қаласының маңында қуаты 100 МВт күн 
электр стансасы пайдалануға беріледі. Жоба  270 Га алаңда күн паркін 
салу, 220кВ қосалқы станция, жоғары вольттік 220кВ желі құрылысын 
қамтиды.

Жоба құны 27,7 млрд теңге, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (әрі қарай-ҚДБ, 
Банк, "Байтерек" Холдингі еншілес құрылымы) 10 жылға 10,8 млрд теңге 
заемды құрайды, сондай-ақ 6,5 млрд теңге көлемінде лизингілік 
қаржыландыру, қалған  қажетті инвестиция   10,4 млрд теңге көлемінде  –
"Eneverse Kunkuat" ЖШС қамтамасыз етеді.

...

Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – 
http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_030919_1.pdf танысуға 
болады.

[2019-09-03]