"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Халық" сақтандыру компаниясы" АҚ 2019 жылдың 27 қыркүйегінде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізеді
/KASE, 05.09.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған  "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Халық" 
сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 
2019 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 15:00 акционерлердің кезектен тыс 
жалпы жиналысы өткізетіні туралы хабарлады:

- Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін 
  бекіту туралы;

- акционерлердің 2018 жылдың 18 қазанындағы жалпы жиналысының 
  екінші мәселесі бойынша шешімін кейінге қалдыру туралы.

- 2018 жылдың 02 қазанында "Казкоммерц-Полис"АҚ және China 
  Development Bank Corporation ("Азиатский Газопровод" ЖШС 
  сақтандырушысына қатысты) жасалған құқық кепілі туралы шешім 
  қабылдау туралы;

- компанияның Директорлар кеңесі туралы қағидаға өзгертулер мен 
  толықтыруларды бекіту туралы.

Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – 
http://kase.kz/files/emitters/KZIS/kzis_special_shareholders_meeting_info_270919_2904.pdf

[2019-09-05]